Үміткер А.Таспихов елордалық сенімді өкілдерімен кездесті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Кәсіподақтар үйінде» Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов елордалық мекемелердегі сайлауалды өзінің сенімді өкілдерімен кездесті.

Президентікке үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Нұр-Сұлтан қаласында құрылып жатқан сайлауалды штаб мүшелерімен, оның ішінде, сенімді өкілдерімен кездесу барысында дайындық жұмыстарымен танысып, алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

Осыдан бір неше күн бұрын сенімді азаматтар қатарына елордада орналасқан салааралық кәсіподақтардың төрағалары мен өкілдері бекітіліп, оларға үміткердің сенімді өкілі екенін растайтын куәлік тапсырылған еді.

Айта кетерлігі, Аманкелді Таспихов ҚР Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің шешімімен ҚР Президенттігіне үміткер ретінде ұсынылды. Мамырдың 4 күні Орталық сайлау комиссиясы А.Таспиховты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.