Поздравление с 7 мая — днем Защитника Отечества!!!

Құрметті достар!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл — батырлықты, ерлікті, қайсарлықты білдіретін мереке!

Біз туған жерімізді ерлікпен қорғаған және қорғайтын азаматтарымызға, әскери борышын өтеушілерге әрқашан құрметпен қараймыз. Әрқайсымыздың бойымыздағы Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік, батырлық рухымыз құнды да маңызды. Еліміздің әр азаматы Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда.

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін. Еліміз тыныш, көгіміз ашық болсын!

 

Құрметпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы

Бақытжан Әбдірайым