Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – құрмет

Бүгін, Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Киікбай Мыңбайұлы Жаулин ,облыстық «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Данияр Оралов және Кәсіподақтар ортылығының ұйымы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Бокаев Бисен,Салазкин Василий,Сухонос Станислав және Умбеталина Қамқа әжемізді арнайы үйлеріне барып, Жеңіс күнімен құттықтады.

Ардагерлерге сыйлықтарын табыс еткен төраға К. Жаулин бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің ешқашан назардан тыс қалмайтындығын жеткізді. Бүгінгі күні Маңғыстау облысы бойынша он алты Отан соғысының ардагерлері бар екен. Солардың бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері Бохаев Бисен әскер қатарына 1942 жылы шақырылып,1944 жылы 2-украина майданындағы соғыс қимылдарына, Яссы-Кишинев операциясына, Бессарабияны және Румынияны азат етуге қатысқан. «Қызыл Жұлдыз», 2-дәрежелі «Отан соғысы», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Салазкин Василий Иванович 1941-1945 жылдары Шығыс фронтында шайқасқан. 2-дәрежелі «Отан соғысы», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың» медальдарымен марапатталған. Сухонос Станислав Трофимович 1944 жылы ол «Теңіз аңшысы 338» кемесінің кіші мотористі ретінде қабылданды. 2-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған. Умбеталина Қамқа әскерге 1942 жылы шақырылған,авиация бөлімінің әскери қызметкерлері қатарында бомбалаушы ұшақтарға жүк тиеп, бомбалар мен снарядтарды күзеткен. 2-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Кеңес одағының маршалы Г.К. Жуков» және «Японияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы мерекенің маңыздылығына тоқтала келе, еліміздің бүгінгідей жетістікке жету жолындағы ардагерлеріміздің өлшеусіз еңбектеріне, елдің бірлігін бекемдеу мен өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай ұлағатты істеріне , ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі деген төраға сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, облыстың барша кәсіподақтары атынан алғысын білдірді.

Ал ардагерлер елдің амандығын, ұрпақтардың бейбіт елде өмір сүргенін тілеп, алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.