ӘРБІР АРДАГЕР ӘРДАЙЫМ КӘСІПОДАҚ ЕСІНДЕ!

Қарағанды облысының “Kásіpodaqtar Úıі”-де Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен соғыс жылдарындағы тыл жұмыскерлерімен кездесу өтті.

Қарағанды облыстық ардагерлер кеңесінің және Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының басшылары Отан қорғаушылар мен тыл жұмыскерлерін құттықтады.

Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының бастауыш ардагерлер ұйымының өкілдері үшін ардагерлерді құттықтау – игі дәстүр. Отандастармен мерекелік кездесуге, бұрын кәсіподақта қызмет атқарған және Салалық кәсіподақтардың Аумақтық құрылымдары төрағалары мен қызыметкерлері концертке тамсанып, қуанышпен бөлісуге келді. Олар кәсіподақ ұйымдарымен тұрақты байланыста және олардың мұрасы, тәжірибесі мен білімі жаңа кәсіподақ көшбасшыларына еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған мәселелерді шешуге көмектеседі.

Қарағанды облыстық ардагерлер кеңесінде 95 Ұлы Отан соғысының ардагерлері және 10091 тыл жұмыскерлері есепте тұр.