9-мамыр – Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті достар!

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен  шын жүректен құттықтаймын!

“Еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін отқа қиған батыр ата-бабаларының ерлігін қазақстандықтар мәңгі есте сақтайды”, – деп атап өткен болатын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ата-бабаларымыздың даңқты ерлігі мен Отанға деген шынайы сүйіспеншілігі бүгінгі жас ұрпақтың санасында берік сақтаулы! Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Жеңіс күні – баршамыз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл – Отан үшін от кешіп, азулы майданда қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен  Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әрқашан көңіл бөліп отырады. Осы орайда Ұлы Жеңіс күні қарсаңында республика бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне арналған түрлі мерекелік бағдарламалар мен іс-шараларды жүзеге асыруда.

Сіздерге мол бақыт пен береке-бірлік, татулық, әр отбасына ізгіліктер мен жақсылықтар тілеймін. Еліміз тыныш, көгіміз ашық болсын!

 

Құрметпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы

Бақытжан Әбдірайым