АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІН АТАП ӨТУДЕ

Бүгін, 9 мамыр Ұлы Жеңіске 74 жыл толуына орай, Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығы облыстық салалық кәсіподақтарымен бірлесіп «Мәңгілік алау» Даңқ кешенінде гүл қою рәсіміне қатысты.

 Облыс әкімі О.Оразалин бастамасымен өткен ресми шараға қала әкімдігінің басшылары, құқық қорғау органдары басшылары, ардагерлер мен қала қонақтары гүл шоқтарын қойды.

 Бұл шараның өтуі өте маңызды, себебі жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде мәңгілік жатталып қалуы қажет.

 Ұлы жеңіс күні құтты болсын! Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата-аналарымыз аман болсын! Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!