Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың қоғамдық штабы құрылды

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілі Таспихов Аманкелді Сатыбалдыұлын қолдау штабы ашылып, өз жұмысын бастады.

Аудан бойынша 6 сенімді өкіл тіркелген. Құрылған штабтың негізгі мүшелері кәсіподақ белсенділері болып табылады. Жиын барысында атқарылатын іс-шаралар жоспары пысықталып, алдағы міндеттер мен мақсаттар белгіленді.