Ұлы Ерлікке – мың тағзым!

Бүгін 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Жамбыл облысында да көптеген іс-шаралар өткізіліп, оған кәсіподақ ұйымдары да белсене қатысуда.
Ұлы Отан Соғысының даңқты батыры, есімі аңызға айналған сұрмерген Ыбырайым Сүлейменовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталған салтанатқа Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігі және салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, кәсіподақ ардагерлері, сондай ақ облыс әкімдігінің, үкіметтік емес ұйымдардың, бірқатар саяси партиялардың өкілдері қатысып, батыр рухына тағзым  етті.
Сондай-ақ бүгін, Таразда «Ерлік» мемориалдық кешенінде «Даңқ» көрмесінің ашылуы өткізілетін болады. Бұл кешенде Ұлы Отан соғысына қатысқан 105 мыңнан астам майдангерлер мен боздақтардың есімдері тасқа ойылып жазылған. Б. Момышұлы бастаған жамбылдық 35 «Алтын жұлдызды» батырдың есімдері ерекше айшықталған.

Кеше Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында облыстық кәсіподақ ұйымы 95 жастағы майдангер Тілеуқабыл Төребековты құттықтап, құрмет көрсетті.