АМАНКЕЛДІ ТАСПИХОВ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ «МОЙЫЛДЫ» ШИПАЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов Павлодар облысындағы «Мойылды» шипажайының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге Республикалық және аймақтық қоғамдық штабтың мүшелері, сенімді өкілдер қатысты.

Сөз алған А.С.Таспихов өз өмірімен, кәсіподақ ұйымындағы жұмысымен таныстырды, сайлауалды тұғырнамасының өзекті тұстарын айтты және кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап берді.