ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ АТЫНАН ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ А.ТАСПИХОВ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕН СЕНІМДІ ӨКІЛДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Іс-шараны ашқан «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» АКБ төрайымы Динара Айтжанова ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховқа, Республикалық штаб мүшелеріне, сенімді өкілдерге сайлауалды науқанын Павлодар облысында бастау арқылы үлкен сенім артқандары үшін өз алғысын білдірді.

Кандидатпен кездесуге 35 сенімді өкіл қатысты.

Сенімді өкілдердің алдында сөз сөйлеген кандидат өз өмір жолымен және кәсіподақ бірлестігіндегі қызметімен таныстырып, ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы туралы айтты және қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сайлауалды науқанын ұйымдастыруда Павлодар аймақтық қоғамдық штабтың елеулі үлесін атап өткен Аманкелді Таспихов «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» АКБ төрайымы, Аймақтық штаб төрағасы Динара Айтжанованы, Аймақтық штаб төрағасының орынбасары, «Келешек» жастар кеңесінің бас маманы Г.Атабаеваны, сенімді өкілдер Р.Даумованы, Г.Науразбаеваны, Н.Каримованы алғыс хаттармен марапаттады.

Сенімді өкілдер ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтан өз сұрақтарына тұшымды да жан-жақты жауап алды.

Кездесуге қатысқан кәсіподақ көшбасшылары кәсіподақтардың жұмысшылар мүддесін қорғайтын ең ірі қоғамдық ұйым екендігін атап өтіп, Кәсіподақтар федерациясының өз кандидатын ұсыну туралы қадамына қолдау көрсетті, кандидатқа алдағы сайлауда сәттілік тіледі.