Ағымдағы жылдың 12 мамыры күні «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы» РҚБ ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың Батыс Қазақстан облысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.
Қоғамдық қабылдау бөлмесі сағ. 09.00 – 18.00 аралығында қабылдау жүргізеді, бөлменің қызметіне жауапты тұлға кәсіби медиатор – Камалов Марат Аюпұлы.
Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгініп келген азаматтарға кеңес беру қызметі көрсетіледі және жұмыс барысында президенттіке үміткердің атына түскен ұсыныстар мен мәселелер жинақталатын болады.