ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың Батыс Қазақстан облысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

Ағымдағы жылдың 12 мамыры күні «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы» РҚБ ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың Батыс Қазақстан облысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі сағ. 09.00 –  18.00 аралығында қабылдау жүргізеді, бөлменің қызметіне жауапты тұлға кәсіби медиатор – Камалов Марат Аюпұлы.

Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгініп келген азаматтарға кеңес беру қызметі көрсетіледі және жұмыс барысында президенттіке үміткердің атына түскен ұсыныстар мен мәселелер жинақталатын болады.