А.Таспихов Солтүстік Қазақстан облысындағы «Молсервис» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті

ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов Солтүстік Қазақстан облысындағы «Молсервис» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Аманкелді Таспихов бастаған делегация құрамына Республикалық қоғамдық сайлауалды штаб мүшелері, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының  төрағасы Егор Каппель, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мирболат Жақыпов, сондай-ақ аймақтық қоғамдық штаб мүшелері кірді.

Кездесу барысында «Молсервис» ЖШС директоры Сергей Чепурко және кәсіподақ комитетінің төрағасы Ольга Краснощек кәсіпорын ішіне экскурсия өткізіп, сүт және ашымал сүт өнімдерін өндіретін цех жұмысымен таныстырды.

Серіктестікте 122 маман жұмыс істейді. Барлығы – кәсіподақ мүшелері. Кәсіпорынның орташа айлық жалақы көлемі – 120 мың теңге шамасында.

Бұл ретте кәсіпорында заңда көрсетілген төлемдер, жеңілдіктер, кепілдемелермен қатар, қосымша ережелер қарастырылған ұжымдық шарт бекітілген:

– ҰЖ сәйкес әлеуметтік пакеттің құны бір жұмысшыға жылына 120 мың теңгені құрайды;

– медициналық пункт ұйымдастырылған, дәрігердің қорытындысы бойынша физика-терапевтикалық процедуралардан өтуге болады, иньекциялар алады;

– ЖШС қызметкерлеріне арналған магазин жұмыс істейді. Кәсіпорын  өнімдері өзіндік құнмен сатылады;

– жұмысшылардың жұмыстан үйге және үйден жұмыс орнына тасымалы қамтамасыз етіледі;

– бала туылғанда және өзге де жағдайда бір жолғы материалды көмек көрсетіледі;

– жұмысшылар балаларының денсаулығын жақсарту құнының 70%-ы төленеді;

– жұмысшылар 50% жеңілдікпен тамақтанады.

Сергей Чепурко кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жұмыс істейтінін, еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындау және қайта оқыту бойынша оқу орталығы жабдықталғанын, қажетті көрнекіліктермен қамтылғанын айтты. Өндіріс объектілері аттестацияланған. Аттестация қорытындысы бойынша жұмысшыларға зиянды, ауыр, қауіпті еңбек шарттарында жұмысы үшін бірқатар жеңілдіктер көрсетіледі.

Барлық қызметкерлер арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. 10 жыл ішінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдайлар бірде-бір рет орын алмаған. «Молсервис» ЖШС қоғамдық республикалық байқаулардың және «Сенім» еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша республикалық байқаудың тұрақты қатысушысы болып табылады. Өз қаржысы есебінен кадрларды дайындау үшін жұмысшыларды оқыту, біліктілік арттыру және қайта дайындау жүргізіледі.  Жұмыс пен уақытты қатар алып жүру үшін барлық жағдай жасалған. Жұмыс беруші есебінен оқудан өткен жұмысшыға тараптармен келісілген мерзімде жұмыс істеу міндеттеледі.

Аманкелді Таспихов «Молсервис» кәсіпорнының жұмысшыларды әлеуметтік қолдау шараларын жоғары бағалап, еңбеккерлерге лайықты еңбек пен өнегелі өмірді қамтамасыз ету өте маңызды екенін атап өтті.

Кездесу аясында Президенттікке кандидат кәсіподақтар федерациясының еңбек адамының мүддесі мен құқын қорғауда негізгі қағидаларына баса назар аудара отырып, өз тұғырнамасында осы мәселелер негізге алынғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Аманкелді Таспихов кәсіпкермен және кәсіпорын жұмысшыларымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.