Түркістан облысы мен Шымкент қаласында ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың қоғамдық штабы құрылды

Түркістан облысы мен Шымкентте ҚР Президенттігіне үміткер Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың қоғамдық штабы құрылды. Қоғамдық штабтың жетекшісі – «Түркістан облыстық, Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов.

Берік Айдарбекұлы штабтың алдағы жұмыстары мен құрамы жайында жан-жақты айтып, сенімді өкілдерді таныстырды. «Үміткерімізге қолдау көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 12 мамырынында ҚР Кәсіподақтар федерациясының Республикалық қоғамдық штабы құрылды. Кандидаттың републикалық қоғамдық штабына Федерация төрағасы Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым басшылық етеді» дей келе, штабтың құрамын таныстырып шықты.

Қоғамдық штабтың құрамына 11 адам енді. Оның құрамында салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, танымал тұлғалар мен жастар ұйымдарының белсенділері бар. Бүгінгі күні облыстық, қалалық штаб жасақталып, құрамына 100-ден аса адам енді. Сондай – ақ Штабтың аясында «Келешек» жастар кеңесі – жастар арасында ауқымды үгіт- насихат жұмыстарын жүргізуге және ұйымдастыруға белсене қатысатын болады. «Келешек» жастар кеңесінің құрамына тәжірибелі, шынықан көшбасшы жастар кірді.Сонымен қатар, өткен сайлау науқандарына қатысып, мол тәжірибе жинақтаған азаматтар сенімді өкіл мен бақылаушы болуға ниет білдірді.

Атап айтқанда, Шымкент қаласында 34 сенімді өкіл, Түркістан облысы бойынша 66 сенімді өкіл аумақтық сайлау комиссиясында тіркеліп, куәліктерін алды. Шымкент қаласында 216 бақылаушы, Түркістан облысы бойынша 640 бақылаушы тіркелді. Шымкент қаласы бойынша 569 370 сайлаушылар бар, сайлау учаскесі 260, Түркістан облысы бойынша 1 181 684 сайлаушылар бар, 889 сайлау учаскесі бар.

Берік Бекжанов «Біз кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ жетекшісі партияның ауқымды ұстанымдарының аясында, атап айтқанда – еңбек адамының құқығын қорғауда, адам капиталын дамытуда етене жұмыс жасап жемісті нәтижелерге жетуді мақсат тұтқанын атап өтті. Сайлаудың маңыздылығына жіті тоқталған штаб басшысы «еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау, жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелердің шешімінің табылуына тиісті өкілдердің назарын аудару – осы саяси науқандағы басты мақсатымыз» деді.

Ақпараттық қолдау үшін штабтың ашылуына «Қазақстан-Шымкент», «Нар» телеарналары, «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті» газеттерінің өкілдері қатысты. Кәсіподақ ардагері Камиль Бикенин аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмесін көріп, жылжымалы қоғамдық қабылдау көлігімен танысты.