ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ А.ТАСПИХОВТЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ

Бүгінгі күні Президенттікке үміткер А.Таспиховтың жұмысының желілік кестесі бекітілген болатын, осы кестеге сәйкес Ақтөбе облысында Президенттікке үміткердің қатысуымен науқан шаралары, оның ішінде жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесу жоспарланған.

Казіргі таңда, Ақтөбе қаласының орталық көшелерінде А.Таспиховтың суретімен билбордтар ілініп, үгіт материалдарын іліп қою мен тарату жұмыстары және үміткерді қолдауға бағытталған бастау шаралары басталды.

Атап айтсақ кеше, 12 мамырда қала әкімі қатысуымен дәрігерлер арасында футболдан Республикалық жарыс ұйымдастырылып, 16 команда қатысып, барлығы 2000-нан астам дәрігер қатысты.

13 мамырда Денсаулық паркінде медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиада бастауын алды. Спартакиада кәсіподақ қозғалысына көпшілік назарын аударуға бағытталған. Спартакиада 3 спорт түрінде өтеді: жеңіл атлетика, шахмат, үстел теннисі, ойындарға 19 медициналық мекемеден 302 адам қатысатын болады. Ашылу спартакиадасында ерлер арасында 1000 метр және әйелдер арасында 800 метр жеңіл атлетика бойынша жарыстар өткізілді.

Сонымен қатар облыстық қоғамдық штабта сенімді өкілдерді Президенттікке үміткердің сайлау бағдарламасымен таныстырып, алдағы жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.

Осымен бірге кандидаттың Ақтөбе облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын бастады. Кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесі 12 мамыр мен 7 маусым аралығында жұмыс істейді.

Кандидаттың облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесі дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-дан 18.30-ға дейін, сенбі күні 09.00-дан 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кету керек, Кәсіподақтар федерациясынан ұсынып отырған кандидат А.Таспихов жосықсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға, қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға, лайықты еңбекақы төленуіне күш салады, жұмысшылардың еңбек құқын қамтамасыз етеді және еңбек миграциясын реттеуді қолдайды.