Ауыл шаруашылық колледж ұжымы кәсіподақпен бірге

ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілдері Қазақстандағы 96 жылдық тарихы бар Құлан ауыл шаруашылық колледжінде де кездесу өткізді. Оған 150-ден астам сайлаушы қатысты.

Сенімді өкілдер Б.Қараулов пен Е.Сарузенов кандидат А.Таспиховтың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.

Кездесу сайлаушылардың қызығушылық танытуымен өтті. Кәсіподақ мүшелері өздерінің кандидатына жылы пікір білдірді. Кәсіподақ ұйымдарының атынан аса мәртебелі лауазымға ұсынылып отырған кандидатқа тілеулестік білдірді.

Оқытушы мұғалімдер мен жоғары курс студенттері сенімді өкілдердің мазмұнды әңгімесіне шынайы оң бағасын берді.

Барлық кездесуде сайлаушыларға үгіт-насихат материалдары таратылды.

Кездеулерге А.Таспиховты қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың аудандық өкілдері және бақылаушылар түгелдей қатысты.

Жиын соңында аудандық сенімді өкілдер мен бақылаушылардың қатысуымен отырыс өткізіліп, алдағы атқарылатын сайлауалды жұмыстар пысықталды.