А.Таспиховтың Маңғыстау облыстық қоғамдық штабының үгіт-насихат сапарлары қарқын алуда

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясынан ҚР Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың еңбек адамының мүддесін қорғауға бағытталған бағдарламасы жиынға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Маңғыстау облыстық қоғамдық штабының үгіт-насихат сапарлары қызу үстінде.

Бүгін, ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың Маңғыстау облыстық қоғамдық штабының сайлау науқанын өткізудің бекітілген желілік кестесіне сәйкес, кандидаттың сенімді тұлғалары Ақтау қаласының № 6 орта мектебінің еңбек ұжымымен кездесті.

Матаев Тельман Қамидоллаұлы – Маңғыстау облысының облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы, Баймбетова Тарбия Анайбековна- «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы, Енсегенова Кунзира- «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Ақтау қалалық төрайымы, Ермаганбетова Алтынай Бисенбайқызы- №6 орта білім беру мектебінің кәсіподақ комитетінің төрайымы барша қатысушыларға кандидаттың өмір жолымен сайлау алдындағы тұғырнамасымен таныстырды.

Жиынға барлығы 50 адам қатысты және 50-ден астамдана үгіт материалдары таратылды. . Кездесу Президенттікке кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының қолдауымен іскерлік ахуалда өтті.