«Еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында семинар өтті

Бүгін, 14 мамырда Қызылордада білім және ғылым саласы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының «Еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі» семинары өтті. ​

Семинарға қалалық және облыстық ұйымдардан 150-ге жуық кәсіподақ ұйымы төрағалары қатысты. Семинардың ашылуында ​ ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілі, өңірлік штаб төрағасы орынбасары Марат Бәйімбетов семинар қатысушыларына А. Таспиховтың өмірбаяны және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.​

Кандидаттың еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделері мақсатындағы шараларды күшейту тұрғысындағы бастамалары айтылды. ​ Семинарға қатысушы бастауыш ұйым төрағалары кәсіподақ мүшелерін толғандыратын түйткілді мәселелерді қозғап, оларды шешу жолдарын ортаға салды. Осы мақсаттағы қабылданатын шаралар, еңбек заңнамаларында қажетті өзгерістер мен толықтырулар, еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбек жағдайын жасаудағы әлеуметтік әріптестер жауаптылықтарын күшейту жайлары талқыланды. ​ ​ ​

Семинарға қатысқан 150 бастауыш ұйымдар өкілдеріне таратылған А.Таспиховты қолдау үгіт-насихат материалдарымен білім саласының 11 мыңға жуық кәсіподақ мүшелері қамтылатын болды.