Шымкент жастары кандидат А.Таспиховты қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырды

Бүгін жастар кандидат А.Таспиховқа қолдау мақсатында «Сайлау-2019. Тұрақты кәсіпорын.Тұрақты қоғам. Тұрақты ел» ұранымен флешмоб ұйымдастырды.

Шараға 500 жас буын өкілі атсалысты. Шаһардағы «Тәуелсіздік» саябағына жиналған қыз-жігіттер патриоттық тақырыптағы заманауи әуенге би билеп, шоу көрсетті. Осылайша шымкенттіктер кәсіподақ ұсынысына қолдау білдіруді жөн көрді.

Елжандылыққа бастайтын әуендерді шырқап, қала тұрғындары мен қонақтарына әсерлі көңіл- күй сыйлады. Штаб мүшелері жастарға алдағы Президент сайлауының маңыздылығын түсіндіріп, кандидаттың тұғырнамасын баяндап берді.

Шараға атсалысқандар Қазақстан кәсіподағының қызметін жандандыру мақсатындағы жаңа мүмкіндіктермен танысып, қолдау білдірді. Еңбек қауіпсіздігі мен ұжымдық шарттың әлеуметтік маңыздылығына ерекше ден қойған жастар кәсіподақтардың ұстанып отырған көзқарастары мен нақты қадамдары сайлаушылар тарапынан қолдау табуына ниетті екендерін көрсетті.