Қызылорда облысының медицина саласы қызметкерлерінің спартакиадасы салтанатты ашылды

Бүгін 14 мамырда Қызылорда облысының медицина саласы қызметкерлерінің спартакиадасы салтанатты ашылды. ​ Спартакиада биыл дәстүрлі түрде 53 рет ​ өткізілуде және биылғы жылы ол Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының ардагері, «Қызылорда облысының және Жалағаш ауданының құрметті азаматы» Тұрғанбай Маханұлының 80 жылдық мерейтойына арналып өтуде.​

Спартакиаданың ашылу салтанатында ҚР Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың сенімді өкілі, өңірлік штаб төрағасы Серік Сермағамбетов спартакиада қатысушыларына А. Таспиховтың өмірбаяны және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырма жасап, алдағы сайлауда белсенділік танытуға шақырды.​

А.Таспиховтың Қызылорда облысындағы сенімді өкілдерінің бірі, денсалық саласының құрметті ардагері Ақмырза Сыдықов спартакиада қатысушыларына кандидаттың еңбек және әлеуметтік мәселелерді көтерген тұғырнамасын қолдайтындығын айтып, А.Таспиховқа дауыс беру үгіттеді.

Белсенділер тобы спортшы жұмыскерлерге А.Таспиховты қолдау үгіт-насихат материалдарын таратты.