Үгіт-насихат тобы Ордабасы ауданында болды

Бүгін сайлаушылармен кездесу үшін арнайы Ордабасы ауданына атбасын бұрған ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Түркістан облысы бойынша қоғамдық штабының өкілдері кезекті басқосуын аудандық кітапхана ғимаратында өткізді.

Үміткердің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының басшысы Берік Бекжанов, салалық кәсіподақ басшылары Бақыт Еркінбек, Күлдар Есебаева, Бастарбек Пірімбетов пен кандидаттың сенімді өкілдері білім, мәдениет салаларының мамандары мен кітапхана қызметкерлерінің басын қосты. 50 сайлаушы арнайы келген шарада штаб өкілдері сайлаудың саяси маңыздылығына жан-жақты тоқталып, көпшілікке кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын таныстырды.

Қатысушылар кандидат тұғырнамасының өзектілігіне мән беріп, еңбек адамдарының құқы мен мүддесін қорғау тұрғысындағы мәселелерге орай ой-пікірілерін білдірді. Кандитатқа қолдау білдіре келген азаматтар Қазақстан кәсіподағының қызметін жандандыру жолындағы жоспарлармен де етене танысуға мүмкіндік алды.

Кәсіподақ мүшелеріне үміткер тұғырнамасында көтерілген қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, жұмысшылардың еңбек құқын қамтамасыз ету, жосықсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру сынды басты мәселелер түсіндірілді, сауалдарына жауап берді.