АҚТӨБЕДЕ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР А.ТАСПИХОВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛДЕРІНІҢ НАУҚАН ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Бүгін, Ақтөбе облысы бойынша іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес, Әлия Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледжінде Кәсіподақтар Федерациясынан ҚР Президенттікке үміткер Амангелді Таспиховтің сенім білдірген өкілдері оқу орынның оқытушылары және студенттерімен кездесті.

Сенімді өкіл Алтынбек Әмірғалиев үміткердің сайлауалды бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, үміткердің кәсібилігін, біліктілігін көрсететін өмірінің кейбір тұстарын әңгімеледі.

– Қарапайым отбасынан шыққан Амангелді Таспихов, физика математика мектебінің озаты, Батыс Қазақстан облысы маслихатының депутаты, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаты болып сайланғаны, елге сіңірген еңбектері бағаланып «Құрмет» орденімен марапатталып, халықтың мүддесі мен сенімін басты орынға қойып, бедел-абыройы жоғары азамат екенің, – Алтынбек Әмірғалиев тоқтап, атап кетті.

Сонымен қатар сенімді өкілдер жиналғандардың сауалдарына жауап беріп, сайлауға қатысу – кез келген азаматтың азаматтық борышы екендігін түсіндірді.

Жиыңға қатытсқан оқытушылармен студенттер қоғамдық ұйым атынан ұсынып отырған үміткер Амангелді Таспиховтың алға қойған жұмысшылардың, олардың отбасылары мен туған-туысқандарының, жақын-жұрағаттарының мүддесін қорғау мақсаттары ұнады.

Кездесу соныңда студенттер үміткер Амагелді Тасхпиховті қолдау мақсатында өнерлерін көрсетіп, флешмоб ұйымдастырды.