Кәсіподақ бар жерде – ұжымдық келісім-шарт бар

«Кәсіподақтар бар жерде –ұжымдық келісім-шарт бар, ​ бұл жұмысшылардың құқы қорғалды деген сөз» -делінген Кәсіподақтардан ұсынылған ҚР Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың тұғырнамасында.

​ «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің кәсіподақ​ ұйымында Ұжымдық шарт жобасы бойынша комиссия отырысы сайлау науқанын, кәсіподақтардан ұсынылған кандидатты қолдау жайлы пікірлерден бастау алып өрбіді. Қазірде мұнай компаниясында жаңа Ұжымдық шарт жасасу жұмыстары жүргізіліп, оның талаптары тараптармен талқылануда.

Комиссия отырысында кәсіподақ ұйымының төрайымы Бақытжан Мұқашева комиссия мүшелерін ​ Амангелді Таспиховтың өмірбаяны мен тұғырнамасымен таныстырды, әріптестері тұғырнама бойынша өз ой-пікірлерін білдірді.

9 маусым 2019 жылы өтетін сайлауда Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховты қолдау үлестірме үгіт-насихат материалдары мұнай компаниясының бөлімдердегі кәсіподақ белсенділерімен ертең Құмкөл және Арысқұм кеніш орындарындағы жұмыскерлерге жеткізіледі.