ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ А.ТАСПИХОВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛДЕРІ МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Кәсіподақтар Федерациясынан ҚР Президенттігіне үміткер Амангелді Таспиховтің сенімді өкілдері, көшбастаған Актөбе облыстық қоғамдық штабтың төрағасы Алтынбек Әмірғалиев облыстағы мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Алтынбек Әмірғалиев жиынға қатысушыларды сайлау алдындағы тұғырнамасымен таныстырып, кандидаттың мемлекет құрудағы еңбек жолына кеңінен тоқталып өтті.

– Біздің үміткер Амангельді Таспихов кәсіподақ көшбасшылардың алдыңғы қатарында, жалпақ жұрттың шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген белгілі тұлғалардың бірі және мәдениеті жоғары, кәсіби шеберлігі мол, іскер азамат, – деді Алтынбек Әмірғалиев.

Жиынға 50 ден астам қызметкерлер қатысып, үгіт материалдары таратылып, кандидаттың бейне ролигі көрсетілді. Кездесу біздің үміткердің сайлауалды тұғырнамасының қолдауымен іскерлік ахуалда өтті.