Үгіт-насихат тобы Қазалы ауданында болды

14 мамырда Қызылорда облысының ​ Қазалы ауданына ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері, Қызылорда өңірлік штаб мүшелері​ барып, жиын өткізді. Жиынға аудандағы сенімді өкілдер, Қазалы ауданы бойынша темір жол кәсіподағының өкілдері қатысты. ​ ​

Өңірлік штаб мүшелері облыстық ауылшаруашылық салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Берік Бисембаев, Қызылорда облысы теміржол салалық кәсіподағы төраға орынбасары Бауыржан Ахметов жиынға қатысушыларға Аманкелді Таспиховтың өмірбаяны мен тұғырнамасын таныстырып өтті. Жиынға қатысушы темір жол саласы қызметкерлері кандидаттың тұғырнамасында көтерілген еңбек адамының құқы мен мүддесі үшін айқындалған қадамдардың өзекті екендігі жайлы пікірлерін білдірді, сенімді өкілдерден сұрақтарына түсіндірмелер алды.

Жиынға қатысушыларға үгіт-насихат материалдары таратылып, ауданның елді мекендеріне таратылатын үгіт-насихат материалдары сенімді өкілдер арқылы жеткізілу үшін бөлінді.