А.Таспиховтың сенімді өкілдері «Аспара» колледжінде кездесу өткізді

16 мамырда Тараз қаласындағы «Аспара» колледжінде ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша сенімді өкілдері ұстаздармен және жоғарғы курс студенттерімен кездесті.

Кездесуде кандидаттың сенімді өкілдері, штаб мүшелері Ш. Исабеков пен А, Наурызбаев А. Таспиховтың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Ойы сергек жастар мен ұстаздар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кездесуге 55 сайлаушы қатысты.