А.Таспиховтың сенімді өкілдері ел ағалары мен еңбек ардагерлерімен бас қосты

«Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» демекші, бүгін 16 мамыр күні ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік штабында үміткердің сенім білдірілген тұлғалары ел ағалары мен еңбек ардагерлерімен бас қосты.

 Ақсақалдар сайлауалды науқанның үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудегі өз ақыл-кеңес, тәжірибелерімен бөлісіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудегі оңтайлы және тиімді әдістерді талқылады. Бас қосу соңында жиналғандар ҚР Кәсіподақтар Федерациясынан Президенттікке үміткер А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасын желілік кестеге сәйкес жоспарланған шараларда қала тұрғындары мен жас буынға кеңінен насихаттау мақсатында өздері де белсенді қатысуға келісті.