А.Таспиховтың сенімді өкілдері теміржолшылармен жүздесті

Шу қаласы – тоғыз жолдың торабы. Теміржол тіршіліктің көзі – бұл аймақта. ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша сенімді өкілдері Б.Қараулов пен Ж. Алшынбаева Шу локомотив жөндеу депосының жұмысшы қызметкерлерімен кездесті.

Сайлау қарсаңындағы үгін-насихат жұмыстары жүргізілді. Сенімді өкілдер кандидат А. Таспиховтың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Теміржолшылар кәсіподақ ұйымдары тұрақты жұмыс істейді.

Олар ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Тұрақты кәсіпорын-тұрақты қоғам – тұрақты ел» ұранымен жұмыс істеудің және еңбекшілерге қызмет етудің міндетін жоғары бағалады.