Жамбыл облысының штаб мүшелері шалғайдағы ауылдарға баруды жалғастыруда

Талас ауданы, Майтөбе ауылындағы А. Даулетбеков атындағы мектепте ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша аймақтық штабының жетекшісі М. Төлепберген болды. Сенімді өкіл кандидаттың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, жалпы Қазақстандық кәсіподақтың абырой – беделін көтеруге, ауызбірлігін нығайтуға осы сайлау науқанының әсері мол болатынын әңгімелеп берді.

Мұғалімдер кәсіподақтың мақсат-міндетіне толық түсіністік танытты. Жамбыл облысының штаб мүшелері шалғайдағы ауылдарға баруды жалғастыратын болады.