Жастар төлебиліктерге үгіт-насихат парақшаларын таратты

«Келешек» жастар қанатының мүшелері сайлау науқанына белсене кіріскен. Үгіт-насихат шараларын атқару үшін Леңгірге барған жастар халыққа насихат парақшалары мен ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы бар кітапшаларын таратты.

Алдымен орталық алаңда болған белсенді топ азаматтарды сайлауалды материалдармен таныстырды. Сондай-ақ орталық саябақ, базар, автовокзал сияқты халық көп шоғырланған орындарда болып, үгіт-насихат парақшаларын үлестірді.

Алда келе жатқан Президент сайлауының маңыздылығына тоқталған қыз-жігіттер азаматтарды саяси додадан тыс қалмай, белсенді болуға шақырды. Үміткер А.Таспиховтың тұғырнамасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын белсене атқарды.