Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының өкілдері шетелдік сарапшылармен кездесу өткізді

Кандидат А. Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының өкілдері шетелдік сарапшылармен кездесті.

Сайлау қарсаңында Төлеби ауданына арнайы ат басын бұрған Кандидат А. Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының өкілдері шетелдіктермен кездесуге де уақыт тапты.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы сарапшыларымен бас қосқан белсенді топ сайлауалды шарасын белсенді атқарды.

Кандидат А. Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штаб басшысы Берік Бекжанов бастаған насихат тобы мен ұзақ мерзімді бақылаушылар Анне Улиг пен Андрей Карбовский елімізде өтетін президент сайлауының маңыздылығы туралы сөз қозғап, саяси дода қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстары бойынша пікір алмасып, ой бөлісті.