Білім саласының кәсіподақ мүшелері ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховты қолдайды

Бүгін 17 мамыр күні Қазақстан халқы Ассамблеясы үйінде Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен «Бүгінгі кәсіподаққа – белсенді жастар» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингтің жұмысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жастар ісі бойынша Кеңесінің төрайымы Ә.Абиева қатысты.

Шара барысында белсенді кәсіподақ жастарын марапаттаудан соң, ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың өңірлік штабының жетекшісі А.Есекенова кәсіподақ жастарына үміткердің өмірбаяны мен сайлауалды тұғырнамасы туралы баяндап беріп, жастарды еліміздің қозғаушы күші ретінде осы сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды. Сөз соңында өңірлік штабтың белсенділері жастарды жалынды ұрандарымен, көтеріңкі көңіл-күймен еңбекшілердің құқын қорғаушы А.Таспиховты қолдауға шақырды.