ЕҢБЕК ШАРТЫ – ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КЕПІЛІ

16 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиналысқа комиссия мүшелері, облыстық басқарманың басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары және кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Облыстық үшжақты комиссия отырысында күн тәртібініне сәйкес, жалақы қарыздары бар кәсіпорындардың, бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру бағытындағы жұмыстар, ұжымдық шарт жасау жұмыстарын жандандыру және 2018 жылғы 28 наурыздағы Жамбыл облысының әкімдігі, «Жамбыл облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Жамбыл облысының Кәсіпкерлер Палатасы арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған КЕЛІСІМІНЕ толықтыру енгізу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ бірқатар кәсіпорын өкілдерінің есептері тыңдалды. Қаралған мәселеге қатысты сөз сөйлеген Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген жасалынып жатқан ұжымдық шарттардың сапасына және сол ұжымдық шарттардың орындалуы барысы бойынша комиссияның алдағы отырысында арнайы қарауды ұсынды. Жиын соңында комиссия төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Н.Календеров нақты хаттамалық тапсырмалар беріп, отырысты қорытындылады.