Петропавл қаласында ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховты қолдау бойынша үгіт науқаны жалғасуда

15 мамыр күні кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілі «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Петропавл филиалының төрайымы С.Макишева  С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушылар кандидаттың өмірбаянымен жан-жақты танысты, сондай-ақ жиында А. Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы баяндалды.

Бағдарламада қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекке ақы төлеу мәселелері, сондай-ақ еңбек көші-қонының қозғалысы мәселелері қамтылған. Кездесу соңында барлық қатысушыларға үгіт-насихат өнімдерінің даналары таратылды.

С.Макишева кандидаттың Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапары туралы,13-14 мамырда өткен ауыл еңбекші жастарының қатысуымен «Жас келсе-іске» атты өңірлік форумына қатысқаны туралы хабарлады.Қазақстан Республикасы Президенттің кезектен тыс сайлауына бір кісідей қатысқандарына,белсенді түрде өз азаматтық позициясың айқындауға шақырды. Еңбек адамының құқығымен мүдделері кәсіподақтардың басты назарында болатыны айтылды. Білім ордасының ұжымы атынан гимназия директоры К.Муканова еліміздегі маңызды оқиғаға, ҚР Президенттің кезектен тыс сайлауына, белсенді қатысатындары туралы сендірді.

Іс-шара Солтүстік Қазақстан аймақтық қоғамдық штабының желілік кестеге сәйкес өткізілді.