Түркістан облысы бойынша кандидат А.Таспиховтың аудандық қоғамдық штабтары ашылды

Алдағы Президент сайлауында кәсіподақ ұйымының атынан түскен А.Таспиховтың кандидаттығын қолдау үшін аудандық қоғамдық штабтар құрылуда. Бүгін Түркістан облысында үш бірдей қоғамдық штаб ашылды.

Бірі облыс орталығы – Түркістан қаласы, енді бірі Созақ және Бәйдібек аудандарында құрылды. Сайлау алдындағы штаб басшысы қызметі Түркістан облысы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Түркістан қалалық филиалының төрайымы Диана Тұрмановаға берілді.

Ал Созақ ауданындағы штабты Түркістан облысы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Созақ ауданы филиалының төрағасы Манас Қасым басқаратын болды. Түркістан облысы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Бәйдібек ауданы филиалының төрайымы Сункар Амзеева Бәйдібек ауданы штабына басшылық етеді.

Тарихи сайлау науқанының жұмысын аудандарда белсенді ұйымдастыру мақсатында насихат топтары арнайы жиын өткізді. Ашылу шараларында жаңа құрылған қоғамдық штабтардың міндеттері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А. Таспиховты сайлау науқаны кезінде қолдап, оның сайлау алдындағы бағдарламасын түсіндіру бойынша насихат жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды. Штабтар құрылымында Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеп, онда кандидаттың сенімді өкілдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, түскен ұсыныстар мен тілектердің сараптамасы негізінде қоғамдық пікірдің мониторингін жүргізеді.