ШИЕЛІ АУДАНЫНДА КАНДИДАТ А.ТАСПИХОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ АШЫЛДЫ

Қызылорда облысы Шиелі ауданында Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында кәсіподақтардан кандидат Аманкелді Таспиховтың аудандық қоғамдық штабы құрылды. Штабқа білім саласы қызметкері Бекқожаева Әлия Сейдахметқызы басшылық жасайды.

Бүгін, аудандық штабта жиын өткізіліп, жиынға аудандағы сенімді өкілдер, пошта кәсіподақ белсенділері, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы саласы кәсіподақ ұйымдарының белсенділері жиналды. Кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі, «Қазпошта» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалы кәсіподақ ұйымы белсендісі Айгүл Темірбекова жиынға қатысушыларды кандидаттың өмірбаяны мен тұғырнамасымен таныстырды. Жиында аудандық ​ қоғамдық штаб мүшелерін негізгі міндеттерді түсіндіріліп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуге, кандидатты қолдауға шақырылды. ​ А.Таспиховты қолдау үгіт-насихат материалдары аудан орталығында, елді мекендерде таратылуы үшін бөлініп беріліп, таратылуы басталып кетті.