Үшжақты комиссия өз жұмысын жандандыруы қажет

Бүгін Тараз қалалық үшжақты комиссиясының отырысында мәселе тура осылай қойылды. Комиссия отырысын жүргізген қаланың жаңа әкімі Кайрат Досаев күн тәртібіне ұсынылған әрбір мәселеде кемшіліктердің орын алғаныны атап көрсетті.

Негізгі баяндамашы облыстық Еңбек инспекциясының басшысы Б. Нарбаев қала кәсіпорындарындағы еңбек шарты мен ұжымдық шарттың сапалық деңгейі де, сан жағынан да деңгеиі төмен екенін нақты мысалдармен айтып берді, әсіресе, ұжымдық шарт жасау жағынан Тараз қаласы ең соңғы орында келеді. Бар болғаны 20 пайыз шамасында. Қалада шағын және орта бизнес кәсіпорындарында сын көтермейді.

Үшжақты комиссия төрағасы, қала әкімінің орынбасары Қ.Сарытай аеәлеуметтік-еңбек қатынастырын реттеу бағытындағы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру, өндірістік процесті, еңбек құқықғын қамтамасыз ету және қызметкерлерді жұмысқа орналастыру туралы баяндама жасады.

Орын алған кемшіліктер бар, оны шұғыл жөндеу шаралары қарастырылды.

Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген үшжақты комиссияның жұмысын жандандыруды және ұжымдық шартты жасаудың жолдарын айтты. Тараз қалалық кірістер басқармасына қаладағы мейрамханалар мен кафелерге тартылатын жұмысшылар мен жұмыс беруші арасында еңбек шарттары жасалуын қадағалайтын камералық бақылауды орнатуды және салықтық әкімшіліктердіру жұмыстарын жүргізуді ұсынып, ол хаттамада көрініс тапты.