А.Таспиховтың сенімді өкілдері салалық кәсіподақ мүшелерімен кездесті

Ағымдағы жылдың 17 мамыры күні «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБФ ұйымдастыруымен облыстың құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы кәсіподағының өкілдерінің ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуге «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ заңгері Г.Саберлинова қатысты.

 Кездесу барысында кәсіподақ өкілдері «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБФ төрағасы Г.Сахиповтың кәсіподақ қызметі туралы есебін тыңдап, қабылдады және салалық кәсіптік одақтың өкілі Г.Саберлиноваға өз сұрақтарын қойды.

Шара барысында А.Досмаков үміткердің өмірбаяны мен еңбек жолы туралы өз естеліктерімен бөлісті, үміткердің сенімді өкілі Г.Сахипов оның сайлауалды тұғырнамасы туралы айтып өтті, құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының кәсіподақ өкілдерін кәсіподақ атынан Президенттікке үміткер А.Таспиховқа дауыс беруге шақырды.