Жұмыс істейтін шақ – жарқын мәнді болашақ!

18 мамыр күні ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың БҚО өңірлік штабының белсенділері Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында болып, таза ауада серуендеп, демалуға келген қала тұрғынлары мен қонақтарына сайлауалды үгіт-насихат материалдарын үлестірді. 

Жігерлі жастар ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховты қолдау мақсатында «Жұмыс істейтін шақ, жарқын мәнді болашақ! Кәсіподақ екпіні, болашаққа жол ашпақ!» ұранымен қала тұрғындары мен қонақтарына үміткердің сайлауалды тұғырнамасын да таныстырып үлгерді. Сонымен қатар, алдағы болатын сайлауға белсенділік танытып, өз үміткеріне дауыс беруге шақырды.