Кәсіподақ мүшелері арасында «Ұлттық ойын – ұмытылмас мұра» жарысы ұйымдастырылды

Бүгін Алматы қаласы Жетісу ауданының №137 жалпы білім беру мекемесінің базасында кәсіподақ мүшелерінің арасында «Ұлттық ойын – ұмытылмас мұра» атты ұлттық жарыс өткізілді.

Жарыстың алдында кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілі, Жетісу ауданы “Ұстаз” жергілікті кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.С. Алимбаева кандидаттың тұғырнамасында көтерілген еңбек адамының құқы мен мүддесі, кез келген еңбек адамына лайықты еңбек ақы төленуі жөнінде айқындалған қадамдардың өзекті екендігін жеткізді, кандидаттың өмірбаянымен таныстырды және кәсіподақтар тарихта тұңғыш рет сайлауға қатысу үшін өз кандидатурасын ұсынып отыр деп белгіледі.

Күш – бірлікте! Жұмыс істейтін шақ!