Қызылордалық белсенділер ірі сауда-ойын сауық орталықтарында үгіт материалдарын таратты

Қызылордада үгіт-насихат жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бұл жолы Қызылордалық белсенділер демалыс күндері халық көп жиналатын ірі сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарына келушілерге үгіт-насихат материалдарын таратты.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховты қолдаушы Қызылорда облысы кәсіподақтарының белсенді жастары 9 маусымда өтетін Президент сайлауында белсенділік танытуға, кәсіподақтардан үміткер​ Аманкелді Таспиховқа дауыс беруге шақырды.

 

 

 

 

 

 \