Алматы облысында сенімді өкілдер кәсіподақ белсенділерімен жүздесті

Бүгін Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қазақ гимназиясында ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың сенімді өкілдері кəсіподақ белсенділерімен кездесу өткізді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары алдағы сайлауда үлкен белсенділік танытып, конституциялық құқықтарын толық орындап, сайлауға бір кісідей қатысуға шақырылды. Сенімді өкілдер А.Таспиховтың өмірбаянымен, сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, жиынға қатысушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты.