А.Таспиховтың сенімді өкілдері Алматы қаласында үміткерді қолдау бойынша үгіт-насихат жұмысын жалғастыруда

20 мамыр күні “Ақпарат, коммуникациялар және байланыс жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің «Алматы пошта байланысы жүмыскерлерінің кәсіптік ұйымы» филиалының төрайымы Бегасилова Шолпан Мурзахметқызы “EMS KAZPOST” филиалында еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге қатысқан қызметкерлер, кәсіподақ мүшелері кандидат Аманкелді Таспиховтың өмірбаянымен және сайлауалды Тұғырнамасымен танысты.

Сайлауалды тұғырнамасында жұмысшылардың еңбек құқын қамтамасыз етуге , лайықты еңбекақыға, қауіпсіз еңбек жағдайы мен жұмысшылардың еңбек құқын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстары кездесушілердің қызу қолдауына ие болды.

Кездесуде сөз алған филиалдың аумақтық директоры Таменова Майра кәсіподақ ұйымдарының еңбекшілердің мүддесі мен құқығын қорғайтын еліміздегі маңызды ең ірі қоғамдық ұйым екенін сөзге тиек ете отырып, кәсіподақтан сайлауға түскен кандидат Таспихов Аманкелді Сатыбалдыұлы жұмысшылардың мүддесін қорғау дегені, олардың отбасылары мен туған туысқандарының, жақын жұрағаттарының мүддесін қорғау деп білемін деді.

Қатысушылар атынан сөз алған аумақтық директор Гельманова Эльмира Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына бір кісідей қатысуға шақырып, « Кәсіподақтар – біз үшін! Кәсіподақтар бізбен бірге!» деп аяқтады.