А.Таспиховтың сенімді өкілдері М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық ​колледжінде кездесу өткізді

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Қызылорда облысындағы сенімді өкілдері М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық ​ колледжінде кездесу өткізді.

Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов және білім және ғылым саласы қызметкерлерінің облыстық ұйымы төрайымы Райкүл Байназарова еңбек ұжымын кәсіподақтардан кандидат Аманкелді Таспиховтың тұғырнамасында қаралған еңбекшілердің құқығы мен мүдделерімен таныстырды.

Ұжым мүшелері еңбек заңнамалары, ұжымдық шарт мәселесі, халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша кандидат А.Таспиховтың тұғырнамасында көтерілген сұрақтардың өзектілігін айтып, қолдау білдірді. А.Таспиховтың сенімді өкілдері кәсіподақ мүшелерін сайлауда белсенділік танытуға, кандидатты қолдауға шақырды.