Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Қызылорда облысы өңірлік штабына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) ұзақ мерзімді бақылаушылары Моника Джамбонини және Лев Тарских келіп, штаб жұмысымен танысты.
Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы, штаб басшысы Серік Сермағамбетов халықаралық бақылаушылардың штаб жұмысының барысы, кандидатты қолдауға арналған ұйымдастырылған үгіт-насихат шаралары, үгіт-насихат баспа қағаздарын тарату жұмыстары туралы сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, бақылаушылар штабтың орналасқан орынымен, штаб мүшелерімен, үгіт материалдарымен танысты.