Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар кандидат А.Таспиховтың Қызылорда өңірлік штабының жұмысымен танысты

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Қызылорда облысы өңірлік штабына​ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ​ (ОБСЕ) ұзақ мерзімді бақылаушылары Моника​ Джамбонини және Лев Тарских келіп, штаб жұмысымен танысты.

Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы, штаб басшысы Серік Сермағамбетов халықаралық бақылаушылардың ​ штаб жұмысының барысы, кандидатты қолдауға арналған ұйымдастырылған үгіт-насихат шаралары, ​ үгіт-насихат баспа қағаздарын тарату жұмыстары туралы сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, бақылаушылар штабтың орналасқан орынымен, ​ штаб мүшелерімен, үгіт материалдарымен танысты.