“Кәсіподақ – қамқоршың”

А.Таспиховтың Шымкент қаласы бойынша штаб өкілдерінің сайлауалды іс-шарасы медицина саласының қызметкерлерімен кездесуге ұласты.

Бүгін Шымкент қалалық онкологиялық орталықтың мәжіліс залында 120 қатысушы бас қосты. «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы, штаб мүшесі, сенімді өкіл Ерғозы Батырбеков сала қызметкерлеріне сайлаудың маңыздылығын түсіндіріп, саяси додада белсенділік танытуға шақырды.

Үміткер А.Таспиховтың тұғырнамасын таныстырып шыққан белсенділер кандидаттың ұстанымындағы жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға, лайықты жалақы төленуіне, қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға қол жеткізу сияқты негізгі мақсаттарды атап өтіп, сайлаушыларды кәсіподақтар кандидатына таңдау жасауға шақырды. Үміткер тұғырнамасында көрсетілген негізгі бағыттар еңбеккердің еңбек жағдайы, әлеуметтік мәселелер екендігі түсіндірілді.

Шара соңынан белсенділер қатысушыларға үгіт-насихат материалдарын таратып берді.