Қызылорда облысының медицина саласы қызметкерлерінің спартакиадасы жалғасуда

Қызылордада 14 мамырда бастау алған Қызылорда облысының медицина саласы қызметкерлерінің спартакиадасы жалғасуда.

Бүгін, спартакиаданың баскетбол ойындары басталды, жарысқа аймақтың барлық аудандары мен қалалық, облыстық медицина саласы мекемелерінен 250-ден аса қызметкерлер-спортшылар қатысуда.

Баскетбол ойындарының басталу салтанатында ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілі, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Қызылорда облысы филиалы төрағасы Асылхан Абылайханұлы қатысып, жарысқа қатысушалр мен жанкүйерлер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. ​

Кәсіподақтардан кандидат А.Таспиховтың өмірбаяны және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, алдағы сайлауда белсенділік танытуға шақырды.​ Қатысушыларға А.Таспиховты қолдау үгіт-насихат материалдары таратылды.