inform.kz, “Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері қызылордалық сайлаушылармен кездесті”

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың сенімді өкілдері Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан «Агро-Өркен» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Егіс алқабында өткен кездесуде кандидат А.Таспиховтың өмірбаяны, атқарған қызметі және сайлауалды тұғырнамасы таныстырылды.

Сондай-ақ, қызылордалық белсенділер демалыс күндері халық көп жиналатын ірі сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарына келушілерге үгіт-насихат парақшаларын таратты. Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді.

https://www.inform.kz/kz/amankeldi-taspihovtyn-senimdi-okilderi-kyzylordalyk-saylaushylarmen-kezdesti_a3528154?fbclid=IwAR3oxzpjIQnlzdpPUNCI9AxnIBY-HEidWzM4GX5AzH9US6NLQF8tRy7USAM