Басты мақсат – еңбеккерлердің мүдделерін қорғау!

21 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы орталығындағы «Саулет» МЛ базасында «Білім беру ұйымдарындағы Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша Өндірістік Кеңес туралы» тақырыбында білім бөліміне қарасты мекемелердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен білім беру мекемелерінің басшылары, техникалық инспекторлар, барлығы 60 адам қатысты. Дөңгелек үстелдің алғысөзін облыстық салалық кәсіподақтың төрағасы М.Даупаев ашып, ал облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы –заңгер Г.Курмангазиева Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөнінде баяндама жасады.

ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының аясында Тасқала ауданында болған өңірлік штаб өкілдері дөңгелек үстел қатысушыларына үміткердің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттары туралы баяндап, өмірбаяны жайында айтып өтті. Шараға қатысушы ауданның кәсіподақ мүшелері үміткердің сайлауалды бағдарламасының еңбек адамының құқығын қорғау және қолдау көрсетуге негізделгені қуаныш сыйлайтыны туралы өз ойларымен бөлісті. Жиын соңында өңірлік штаб өкілдері қатысушыларды алдағы сайлауға белсенді қатысуға, ҚР Кәсіподақ Федерациясының ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховты қолдап дауыс беруге шақырды.